Семейде бала суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Семей қаласындағы Приречный ауылдық округінің Жарқын кентіндегі тоғанда бес жасар бала суға батып кетті, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінен.
None
None

5-6 жасар үш бала үйлерінен ата-аналарынсыз кенттен бір шақырымдай жерде орналасқан тоғанға шомылуға кеткен. Бес жасар бала суға батып бара жатқанда, балалар ересектерді көмекке шақыруға жүгіріп кеткен. Бірақ тым кеш еді. Бала суға тұншыққан. Оқиға орнына келіп жеткен адамдар судан оның жансыз денесін алып шықты.

Оқиға орнына ШААЖҚЖ-ның құтқарушылары шақырылған жоқ. Жедел медициналық көмек көрсету бригадасы баланың өлімін тіркеді. Оның денесі өлім себебін анықтау үшін Семей қалалық ІІБ Әуезов АІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар