Семейде балағат сөз айтқан стендап-блогер қамауға алынды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласында балағат сөз қолданған стендап-блогер 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны белгілі болды.

Семейде балағат сөз айтқан стендап-блогер қамауға алынды
Фото: Абай облыстық ПД

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоу барысында жергілікті блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған. 

— Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіге таралып, ел арасында қызу талқыға түсті. Полиция қызметкерлері видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты қоғамдық орында боқтық сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, — делінген ақпаратта.

Сот блогерді 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Осы ретте, тәртіп сақшылары көпшілік алдында өтетін іс-шаралар, оның ішінде әзіл-сықақ бағдарламалары да, қоғамдық әдеп нормаларын сақтап, көрерменге құрмет көрсете отырып жүргізілуі қажеттігін ескертті. 

Еске салсақ, осыған дейін ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер 78 640 теңге айыппұл төлегені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар