Семейде бір апта ішінде 16 той өткізілгені анықталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында бір апта ішінде 16 той өткізілгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4-10 тамыз аралығында тәртіп сақшылары мониторингтік топ мүшелерімен бірге карантин талаптарын бұзудың бірнеше фактісін тіркеді. Жалпы шаһар бойынша 65 ірі қоғамдық тамақтану орны тексерілген.

«7 күн ішінде өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен шектеу шараларын бұзудың 33 фактісі анықталды. Нақты айтқанда, 16 үйлену тойы, 8 ас беру, 5 мерейтой және 1 неке қию рәсімі тіркелген. Сондай-ақ 1 объект келушілерді «Ashyq» жобасы арқылы тексермей кіргізе берсе, енді бірінде маска режимі сақталмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мәселен, кеше Қаржаубайұлы көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан той тоқтатылды. Тойға 100-ден астам адам қатысқан.


Соңғы жаңалықтар