19:54, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Семейде «Болашақтың іргесін бірге қалайық - Біз Жаңа Қазақстанды құрамыз!!!» атты жастардың патриоттық акциясы өтті
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін Семейде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Болашақтың іргесін бірге қалайық - Біз Жаңа Қазақстанды құрамыз!!!» атты жастардың патриоттық акциясы өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы халқымыз үшін аса айтулы оқиға. Аталмыш мереке Тәуелсіз елдің тарихында қалар маңызды кезең екені де баршамызға аян. Осы маңызды оқиға қарсаңында ұйымдастырылған патриоттық акция барысында студенттер ұран сөздер айтып, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін білдірді.
Акция соңында аспанға шарлар мен ұран сөздер ұшырылды.