Семейде де қатты желден бас шырша құлап қалды

Семейде қатты жел орталық алаңдағы бас шыршаны құлатты, деп хабарлайды Кazinform.

Ветер снес главную елку в Семее
Фото: t.me/abainewskz

Әлеуметтік желілерде желдің қатты екпінінен аймақтың бас шыршасы қалай құлағаны туралы видео тарады. 

Қалалық әкімдік бұл фактіні растап, мердігер ұйымның оқиға орнына аттанғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта жасыл конструкцияны бөлшектеу жұмысы жүріп жатыр. Оқыс жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ» деп нақтылады әкімдік.

Айта кетейік, шыршаны салтанатты жағу рәсімі өткен жылдың 20 желтоқсанында өткен еді.

Биіктігі — 19 метр, оны безендіруге 2000 метр жарықдиодты гирлянда  мен 100-ден астам ойыншық қолданылған.

Шыршаның жанында Аяз ата мен Ақшақардың мүсіні орнатылған. 

Дәл қазір Абай облысында ақтүтек боран басылмай тұр. 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 10 қаңтар сағат 22:30–дан бастап бірнеше жол жабылғанын хабарлады. 

  • Дмитриевка-Бородулиха — облыс шекарасы, 0-72 км;
  • Бородулиха-Жезкент, 0-49 км;
  • «А-11 Семей-РФ шекарасы» — Новопокровка-Петропавловка-РФ шекарасы, 0-42 км;
  • «А-11 Семей-РФ шекарасы» — Воскресеновка — Петропавловка-Дмитриевка, 0-64 км;
  • Шүлбі — Жаңа Шүлбі, 0-44 км.

 





 

Соңғы жаңалықтар