Семейде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуына орай Солтүстік-Шығыс аймақтық «Шәкәрім тағылымы» атты жас ақындар мүшайрасы өтті

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылдың қараша айының 25-ші жұлдызында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бас ғимаратында Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуына орай Солтүстік-Шығыс аймақтық «Шәкәрім тағылымы» атты жас ақындар мүшайрасы өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.
None
None

Мүшәйраны ұйымдастырудағы басты мақсат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің маңыздылығын жоғарылатып, жастарға патриотизмдi насихаттау, Жастар арасында ақындық өнерді дәріптеу, жас ақындарға қолдау көрсету және Шәкәрім Құдайбердіұлының кең мұрасын жыр жолдары арқылы қалың қауымға насихаттау. «Шәкәрім тағылымы» атты жас ақындар мүшайрасына Астана қаласынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Өскемен қаласының Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен және Семей қаласының барлық ЖОО-ның студент ақындары қатысып өз бақтарын сынады. Өлеңді өмірлеріне серік еткен жас ақындар мүшәйрада басты 3 тақырып бойынша сайысқа түсті олар «Тәуелсіздік тірегі» ( Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған өлең жолдары); «Бостандық таңы атты» (Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған өлең жолдары) және еркін тақырыптағы өз шығармаларын қалың көпшіліктің назарына ұсынды.

Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен келген Дүргінбайұлы Қызырбек, 2 орынды Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Сегізбаева Айдана, 1 орынға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен келген жас ақын Алышынбай Ербол ие болса, сайыстың бас жүлдесін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Рүстем Мұхаметрахимов жеңіп алды. Мүшайрадан жеңімпаз атанған және жүлделі орындарға ие болған барлық студенттер қаржылай сыйлық және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар