Семейде ер адам аспалы көпірден секіріп кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ер адам  аспалы көпірден  секіріп кетті.  Сүңгуірлер азаматтың  денесін іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде ер адам аспалы көпірден секіріп кетті

Оқиға бүгін таңертең сағат 5.00 шамасында орын алған. Әзірге азаматтың аты-жөні белгісіз. Аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамды жол патрульдік полиция қызметкерлері байқаған. Алайда көмекке келіп үлгермеген.  Жедел түрде 112-ге телефон шалып, оқыс оқиға жайлы хабарлаған. Қазір оның денесін судан құтқару қызметінің 4 сүңгуірі іздестіруде.  

Айта кетейік, жыл басынан бері осымен 4-ші адам көпірден секірген.  

«Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кей әлеуметтік желілерде азаматтың тірі қалғаны туралы да ақпарат жүр. Алайда нақты дерек жоқ.  Заң бойынша 3 күн іздеу жұмыстарын жүргіземіз», - деді Семей қалалық судан құтқару қызметінің бас маманы Ринат Мұхтаров.