12:37, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Семейде ер адам жүк пойызының астына түсіп, мерт болды
ӨСКЕМЕН. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 00.55-те Семейдің теміржол өткелінде 56 жастағы ер адам пойыз доңғалақтарының астына түсіп, көз жұмды,

деп хабарлады ТЖД.
Оны келе жатқан жүк пойызы құрамы соққан. Әлгі азамат алған жарақатынан жедел жәрдем келмес бұрын жан тәсілім етті.