Семейде ерлі-зайыптылардың өліміне кінәлі азамат сотталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ерлі-зайыптылардың өліміне  себепші болған әскери қызметкер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде ерлі-зайыптылардың өліміне кінәлі азамат сотталды

Семей гарнизоны әскери соты қаладағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкеріне қатысты сот үкімін шығарды. Ағымдағы жылдың 26 тамызында  әскери қызметші «Мазда» автокөлігімен «Семей-Қарауыл» тас жолында жолдың жиегіне түсіп кетіп, бетон трубасына соғылған.  Апат салдарынан көліктің ішіндегі 69 және 66 жастағы ерлі-зайыптылар  оқиға орнында көз жұмған.

Сот шешімімен кінәлі азаматқа 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және  3 жылға көлік құралын басқару құқығынан шеттету жазасы тағайындалды.

«Сотталушының жасаған әрекетіне өкінетіндігін, жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ескерілді. Және ҚР Қылмыстық кодексінің 63 бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты жаза түріне ауыстырылды»,-деді Семей гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметінен.