Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілген. Осыған байланысты Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Ертіс өзенінің суы тасыды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты құзырлы органдар барлық тиісті жұмысрды жүргізуде. Қазір су деңгейі 471 см, сыртқы ауа температурасы -10 градус.

Абай облысының ТЖД барлық жеке құрамы күшейтілген режимге көшті. Су деңгейі көтерілген жағдайда Бейбітшілік аралындағы тұрғындарды эвакуациялау орындары, үй жануарларын орналастыратын жерлер анықталды.

Ертіс өзені
Фото: Абай облысының әкімдігі

«Жағдай бақылауға алынды. Құтқарушылар тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге толықтай дайын болуы қажет. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалып, жауапты мекемелерге жолданды.

Ертіс өзені
Фото: Абай облысының әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар