Семейде «ГАЗель» автокөліктері құрастырылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде алғаш рет отандық «ГАЗель Next» шағын автобусы құрастырылды. Бұған дейін корейдің Daewoo автобустарын, Ресейдің «Урал» жүк көліктерін және «Беларусь» тракторларын шығарып келген «СемАЗ» кәсіпорны биыл 300 «ГАЗельді» тұтынушыға ұсынуды жоспарлап отыр.

Жаңа желінің іске қосылуымен жұмыс орындары да көбейе түспекші. Жаңа көлікке тапсырыстар қазірдің өзінде көп түсіп жатыр. Темір тұлпардың ұзындығы - 6 метр, биіктігі 3 метрге жуық, 120 аттың күші бар.

Қазақстандық «ГАЗельдің» өз ерекшелігі бар. Жергілікті құрастырушылар жолаушылардың мініп-түсуіне ыңғайлы болуы үшін автобусқа екінші есік жасамақшы. Болашақта біртіндеп қосалқы бөлшектер мен көліктің қаңқасын да өзімізде жасап, қазақстандық мазмұнға ден қойылады.

Бұл зауытта қазір 400 адам еңбек етіп жүр, жаңа өндірістік желіге тағы 50 адам жұмысқа тұрмақ. Биыл Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Өскемен және Семей қалаларындағы автобус парктеріне отандық өнім алуды жоспарлап отыр. Әр қалаға 100 автобустан алынбақшы. Табиғи газбен жүретін экологиялық таза 35 Daewoo автобусы қазірдің өзінде Алматы қаласына жөнелтілуге дайын тұр, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram