Семейде ГУЛАГ тұтқындарының ұрпақтары туралы фильм таныстырылды
«29 мамыр мен 31 мамыр аралығында Семей қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ игілігі үшін естелік» атты ҚХА-ның халықаралық жобасын жүзеге асыру аясындағы шараларды өткізуде. Оның мақсаты - жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, халық бірлігін нығайту, болашақ ұрпақтар үшін тарихи естелікті сақтауда азаматтық қоғам мен мемлекетті біріктіру болмақ», - делнген хабарламада.
Қалалық Мәдениет сарайында режиссерлер Д.Виолина мен С.Павловскийдің қуғын-сүргінге ұшырағандар балаларының тағдыры туралы «Өмірден ұзақ жол» атты деректі фильмінің таныстырылымы өтті. Картинада темір тордың әр жағында өскен ГУЛАГ тұтқындары ұрпақтарының тағдыры баяндалады. Оның басты кадрлары - АЛЖИР деген атаумен танымал Ақмола отанын сатқандар әйелдері лагерінің тарихы.
«31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні көрнекті абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедхановтың ескерткіші жанында митингі өтеді және монументке гүл шоқтары қойылады. Осы күні ресми адамдар мен халықаралық жоба қонақтары Абай ауданына аттанады, онда олар еске алу орындарында болып, еске түсіру асына қатысады. Семейде сенбі күні кеште Жастар мен балалар шығармашылығы сарайы алдында «Есте сақтау үшін...» акциясы өтеді», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.