Семейде Қазақстанның киелі жерлері туралы семинар өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қалалық орталық кітапханасында «Киелі Қазақстан» атты семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде Қазақстанның киелі жерлері туралы семинар өтті

Семинар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған. Мұндағы мақсат – кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттаудың жаңа әдіс-тәсілдерін айқындау.

«Шара барысында еліміздің мәдени және қасиетті жерлерін зерттеуге бағытталған «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы туралы сөз қозғалды. Осының арқасында еліміздің киелі жерлерімен кеңірек танысуға мүмкіндік алдық», - дейді кітапхана әдіскері Меруерт Жүкенова.

Қатысушылар Оңтүстік Қазақстанның 7 кереметі туралы біліп, кітапханалық квилт жасау әдісімен, сонымен бірге мультимедиялық «Қызғалдақ туралы аңыздар» атты бейне-шолумен танысыты. Сондай-ақ, «Киелі жерлерге саяхат» атты тарихи баттл сайысында бақ сынауға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, орталық кітапхана мамандары арасында «Үздік библиогид» сайысы өтті.