Семейде кейбір ғимараттардың есігіне сары түспен белгі салынды

ӨСКЕМЕН. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Семейде «Сары түс - қауіпсіз орта» жобасы іске асырыла бастады. Жобаның мақсаты - көзі нашар көретін адамдар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
None
None

Іс-шараға қатысушылар қоғамдық ғимараттар мен жалпыға ортақ мекемелердің есіктерін өзінің түсіне қарама-қарсы түстермен бояп шықты.

Бұл іске Шығыс Қазақстан облыстық «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» атты жастар бірлестігі бастамашылық етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен даму бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау көрсетілді. Грант берушілер жобаны іске асыруға бір жарым миллион теңге бөлді, деп хабарлады облыстың ақпарат орталығында.

«Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» ұйымының төрағасы Ерсін Құдияров атап өткендей, қазірдің өзінде Семейде барлық қалалық жерасты жүргіншілер жолындағы жоғарғы және төменгі баспалдақтар боялған, әкімдік, сән салондары, шаштараз және базарлардың шыны есіктеріне сары сигналдық дөңгелек белгілер жабыстырылды.

Соңғы жаңалықтар