Семейде қоғамдық көлік тарифі арзандады

СЕМЕЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Жаңа жылдың бірінші жұмыс күні жұмыстарына қоғамдық көлікпен аттанған семейліктерді жақсы жаңалық күтіп тұрды.
None
None
Автобустарда жолақы қайтадан арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы автобустарда жүру жолақысы алты рет өзгерген еді. Қала бойынша ол 20 мен 40 теңгенің арасында болды. Қазір автобустар мен бағыттық таксилердің жолақысы 35 теңгені құрайды. Ал бағыттық таксилер жолақысын осыдан бір ай бұрын төмендеткен болатын.
Соңғы жаңалықтар