Семейде көлік қағып кеткен бойжеткен оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде «Тойото Камри» автокөлігі түнгі сағат үште жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқыс оқиға 20 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында тіркелген. Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Семей қаласының Широкая көшесінде болған.
«Тойото Камри» маркалы автокөліктің 1993 жылғы жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді қағып кетті. Алған жарақатынан зардап шеккен бойжеткен оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлайды ведосмтвоның баспасөз қызметінен.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.