Семейде «Көмек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымы жұмысын бастады

СЕМЕЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде тағы бір қоғамдық ұйым - «Көмек» мүгедектер қоғамы» жұмысын бастады.
None
None

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсете отырып, ұйым өз қызметін белсенді түрде бастап та жіберді.

Жаңа қоғамдық ұйымның төрағасы Қабыш Дүтбаевтың айтуынша, Семейде қазіргі сәтте айрықша күтім мен қоғамдық ұйымның көмегін қажет ететін 9,5 мың адам тұрып жатыр, олардың 428-і - бірінші топтағы, 2 мыңнан астамы екінші топтағы мүгедектер.

«Біздер жанымыздағы осындай жандарды естен шығармауымыз керек. Аяқ-қолы бүтін, күш-қуаты тасыған адамдардың мүмкіндіктері шектеулі жандардың проблемаларын жете түсіне қоюлары қиын, - деді Қ.Дүтбаев. - Мүгедек адам лайықты білім ала алмайды немесе кәсіп таңдай алмайды. Сондықтан біздер мұндай жандарға барынша қамқорлық көрсетуді өзіміздің басты мақсатымыз санаймыз».

Соңғы жаңалықтар