Семейде көпірден секірген ер адам мерт болды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпірден секірген ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде көпірден секірген ер адам мерт болды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 қарашада «102» жедел арнасына Тұрлыханов көшесіндегі аспалы көпірден ер адамның секіріп кеткені туралы хабар түсті.

«Аталған факті бойынша Семей қалалық Полиция басқармасының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда мұзға құлаған балықшының көз жұмғанын хабарлаған едік.