20:41, 08 Мамыр 2024 | GMT +5
Семейде көпқабатты үйде лифт құлап, 6 адам ауруханаға түсті
СЕМЕЙ. KAZINFORM - Семей қаласында көпқабатты үйде лифт құлап, 6 адам зардап шекті.

Оқиға 8 мамырда түс кезінде болған.
- Сағат 11.40 шамасында Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтаға құлап кеткен. Лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп кеткен, - деп хабарлады қала әкімдігінен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілуде.
- Абырай болғанда, оқиға салдарынан қаза болған ешкім жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, - делінген ақпаратта.