Семейде көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап кетті

Бірінші ТЖ 2017 жылғы 3 қыркүйекте сағат 5-те 05 минутта болған. Бала ұйықтап жатқан кезде әкесі темекі алуға шығып кеткен. Оянған бала әкесін іздеп балконға шығып, жетінші қабаттан құлаған. 2012 жылы туған бала қазір комада, миы шайқалып, бас сүйегі сынған.
Екінші жағдай Энергетик шағын ауданында болған (бұл биылғы жаз маусымында осы шағын ауданда болған екінші жағдай). Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар қыз төртінші қабаттан құлады. Ол жабық бас сүйек-ми зақымы және бірнеше жерінен сынған деген диагнозбен ауыр жағдайда жатыр. ТЖД-інің мәлімдеуінше, қыздың ата-анасы қайғылы оқиға болған жерге қонаққа келген.
«Көп жағдайда қараусыз қалған балалар осындай жағдайға душар болып жатады. Бірі баланы жалғыз қалтырғаннан болса, екіншісі - ата-анасының қарауынсыз қалған. Көбінесе өздігінен жүре алатын, әр нәрсені көріп-білуге әуес, алайда, қауіпті ұғына бермейтін бір жастан бес жасқа дейінгі аралықтағы балалар бақытсыз жағдайдың құрбаны болып жатады», - дейді ТЖД қызметкерлері.