Семейде көпірге шығып алған ер адам психдиспансерге жеткізілді

Семейде ер адам аспалы көпірге шығып алған. Құтқарушылар оны түсіріп алып, психикалық емдеу орталығына жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 

көпірге шығып алды
Фото: видеодан кадр

«Қалалық полицияға жергілікті тұрғыннан 28 жастағы азаматтың көпірдің аспалы құрылымына шығып алғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ақпаратты растады. Бұл ақпарат бірден Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелеріне жеткізілді.

Полицейлер құтқарушылар келгенше жігітпен келіссөз жүргізді», - делінген полиция ақпаратында.

Мәлім болғандай, төтенше жағдайлар қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, аспалы көпірдің бағанасына шығып, ер адамға жеткен. Солай оны төмен түсірген.

Қазіргі уақытта 28 жастағы облыс тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, мамандар онымен жұмыс істеп жатыр. Оның мұндай әрекетке бару себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар