Семейде ҚР Тұңғыш Президентінің интеллектуалдық мектебі ашылды
Жаңа мектеп халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және біздер оның бүгін өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында ашылып отырғанын мақтан тұтамыз», - деді физикалық-математикалық бағыттағы ҚР Тұңғыш Президентінің Интеллектуалдық мектебінің ашылуында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Семейдегі ҚР Тұңғыш Президентінің Интеллектуалдық мектебі - еліміздегі үшінші білім беру ордасы. Алғашқысы - Астанада жұмыс істейді, екіншісі - бүгін Көкшетауда ашылды.
ҚР Тұңғыш Президентінің Интеллектуалдық мектебі - оқушылар күн ұзаққа болатын мектеп. Әрбір 1-іншіден 4-іншіге дейінгі сыныптарда 18, 5-іншіден 11-іншіге дейінгі сыныптарда 20 оқушыдан оқитын болады. Мектепте физикадан 6 зертхана, бағдарламалық қамтамасыз етілетін 12 мультимедиалық бөлме, 37 смарт-сыныбы бар. Барлық мектеп кабинеттері интерактивті тақталармен жарақталған. Ақпараттық-анықтамалық жүйе және радиожиілікті бірегейлендірудің технологияларына негізделген сабаққа қатысу есебінің жүйесі, педагогикалық және ақпараттық технологияларды біріктіру орталығы жұмыс істейді.
Оқу жылы басталғанға дейін мұғалімдер де, оқушылар да мектепке қатаң іріктеуден өту арқылы алынды. Әзірге мұнда 500 оқушы сабаққа кіріседі. Мектепке іріктеу конкурсының екінші туры қазанда өтеді.
«Мектеп физикалық-математикалық бағытта болғанына қарамастан, барлық пәндер де толық бағдарламамен оқытылатын болады. Оқу үдерісіне халықаралық стандарттарды енгізу мектеп түлектеріне әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарына жарамды дипломдар мен сертификаттарды алуға мүмкіндік береді», - деді салтанатты ашылу ресімінде Хафиза Өтеулина - ҚР Тұңғыш Президентінің барлық 20 интеллектуалдық мектебінің оқу үдерісін ұйымдастырумен және жарақтаумен айналысатын «Өркен» АҚ басқарма төрайымы.