Семейде күштік және бақылау кабельдерін шығаратын зауыттың тұсаукесері болды - Елбасының қатысуымен болған телекөпір

СЕМЕЙ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Семейде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты телекөпір барысында күштік және бақылау кабельдерін шығаратын зауыт іске қосылды.
None
None

Жаңа желіні іске қосар алдында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ел Президентіне аймақтағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқандығы туралы есеп берді.

«Қазіргі заманға сай өрт қауіпсіздігі күшейтілген кабель шығаратын жобаның өзектілігі қазір көкейтесті мәселе», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Өрт қауіпсіздігі күшейтілгеннен басқа күштік кабельдержылу тұрақтылығын жоғары деңгейде сақтайды. Жоба аясында жаңадан 50 жұмыс орны құрылды.

Зауыт басшылығы халықаралық деңгейге көтерілуді көздеп отырғандығы аталып өтілді.

Облыс әкімі өнеркәсіптің технологиялық желісін іске қосып, Қазақстанның мемлекеттік үдемелі индустриялық бағдарламасы аясындағы стратегиялық маңызға ие ұлттық индустриялық жобаны бастап берді.

Соңғы жаңалықтар