21:50, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Семейде құтқарушылар газ жарылысының алдын алды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Семейде өрт сөндірушілер екі газ жарылысының алдын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлағанындай, Ермак көшесінде тұрғын үйдің жанып жатқандығы жөніндегі хабар тұрғындардың түстен кейін түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер отқа оранған үйден әрқайсысы 27 литр болатын екі газ балонын алып шыққан. Баллондар әбден қызып, аз уақыттан соң жарылуға шақ қалған. Жалын шарпыған аймақ 70 шаршы метрді қамтыды.
Өртті сағат 16-00-дер шамасында ауыздықтаудың мүмкіндігі туды. Өрттің шығуының екі себебі қарастырылуда. Біріншісі салақтық, екіншісі пешті пайаланатын кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.
Абырой болғанда, өрттің салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге №2 бөлімнің 4 техникасы 19 қызметкері жұмылдырылды.