Семейде мектепке «бомба қойылды»

Семей қаласында мектепке бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Kazinform.

эвакуация в школе Семея
Фото: Абай облысы ПД

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 13 қараша күні сағат 10.30-да «102» арнасына Семей қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.

«Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тиісті мамандандырылған қызметтер дереу бағытталды. Қауіпсіздік мақсатында білім ордасынан қызметкерлер мен оқушылар толықтай эвакуацияланды. Тексеру нәтижесі бойынша келіп түскен ақпарат расталмады», - делінген ақпаратта.

ложное минирование в школе
Фото: Абай облысы ПД

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы ретте полиция департаменті мұндай қылмыс жасаған адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.

 

Соңғы жаңалықтар