08:12, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Семейде мемлекеттік медицина университеті өртенді
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - ШҚО Семей қаласындағы бес қабатты Мемлекеттік медицина университетіне қосарлана салынған бір қабатты құрылыс нысанынан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрт 1 сағаттың ішінде сөндірілді. Оған ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамның 14 адамы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 6 шаршы метрді құрады.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді.