19:44, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Семейде мұғалімдер спартакиадасы өтуде
СЕМЕЙ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде жыл сайын мектеп оқушыларының демалыс күндері мұғалімдер спартакиадасы өтеді. Әр маусымда ұстаздар спорттың бірнеше түрлерінен сайысқа түседі.

Қысқы демалыс күндері қалада баскетболдан мұғалімдердің біріншілігі басталды. Жыл өткен сайын спартакиадаға қатысушы педагог ұжымдарының саны арта түсіп келеді. Бұл күндері баскетбол алаңдарында 29 команда сайысқа түсуде.