17:41, 23 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Семейде оқушылар ертең мектепке бармайды
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласындағы барлық мектеп оқушылары ертең қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Абай облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 қыркүйек күні Семейде су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Соған орай барлық мектепте сабақ қашықтан өтеді.
— Екі ауысымдағы оқушылар бір күнге онлайн форматқа көшіріледі, — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында жасөспірімдер жасырын діни сабақтарға тартылғаны хабарланған. Полицейлер жатақхана ретінде пайдаланылған үй-жайларды тексеру барысында шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдары тапқан.