Семейде өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге 500 гектар жер бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында инвестиция тарту және өңірдің жаңа өнеркәсіптік базасын қалыптастыру жоспары қандай? Бұл сауалға облыс әкімі Берік Уәли жауап берді. 

Семейде өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге 500 гектар жер бөлінеді
Фото: ОКҚ

— Аумағы 96 гектарды құрайтын «Өндіріс» индустриялық аймағында 3 жаңа жобаға жер беріліп, толыққанды игерілді. Индустриялық аймақты 186 гектарға дейін кеңейтіп, шағын өнеркәсіп паркін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Өңір басшысының мәлімдеуінше, инвесторлардың өңірге деген қызығушылығы индустриялық аумақты кеңейту қажеттілігін көрсетіп отыр. 

— Осыған байланысты Семей қаласының өнеркәсіптік аумағында 500 гектар жер бөлуді жоспарладық. Бұл жобаны іске асыру инвестиция тартуға, жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, — деп толықтырды әкім.

Айта кетсек, жыл соңында дейін Абай облысында 255 жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылады

Сондай-ақ облыс әкімі Алакөлдің туристік және инвестициялық әлеуетіне қатысты түсінік берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл Абай облысында инвестиция тарту 103,1 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар