05:11, 25 Наурыз 2024 | GMT +5
Семейде өрт сөндірушілер әйел адамды аман алып қалды
АСТАНА. KAZINFORM - 101 пультіне Семей қаласындағы көппәтерлі үйде түтін иісі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткенде, пәтерде тамақтың күйгені анықталды.
Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер ішінде еденде жатқан 1947 жылы туған әйел адам табылды. Олар оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Науқасты одан әрі ауруханаға жатқызу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырды.