16:12, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Семейде өткен «дөңгелек үстелде» азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды
СЕМЕЙ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде өткен «дөңгелек үстел» кездесуінде «Азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы талқыланды.

Пікірсайыстың өтуіне Семей «Қазақ тілі» қалалық қоғамдық ұйымы» мен қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бастамашы болды.
Кездесуде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Айтқазы Салтыбаев, біз бүгін азаматтық қоғамды әлеуметтік, экономикалық, мәдени кеңістік ретінде қарастырып отырмыз, өйткені онда жеке мүдделерді жүзеге асыратын және жеке таңдау жасай алатын еркін индивидтер өзара әрекет етеді.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар ҮЕҰ жемісті еңбек етуіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында үкіметтік емес ұйымдарға жағдай жасауға шақырды, деп атап өтті.