Семейде шеге сатып алған азаматқа оның орнына тас салып жіберген

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде екі қорап шеге сатып алған қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Сатушы шегенің орнына тас толы қорапты үйіне жеткізіп берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Семейде шеге сатып алған азаматқа оның орнына тас салып жіберген

«102» нөміріне хабарласқан 29 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, арыз берген. Жәбірленушінің сөзіне сенсек, белгісіз азамат үйге дейін жеткізіп беремін деп екі қорап шеге сатқан. Жалпы сомасы - 8 000 мың теңге. Арада бірнеше күн өткеннен кейін қорапты ашып қараған азамат қораптың іші таспен толтырылғанын көреді. Екінші қорап та солай. 

Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде алаяқ азаматтың жеке тұлғасын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол 49 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Қазір аталған азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.