Семейде Шоқан Уәлихановтың ізімен өткен экспедиция туралы айтылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік өлкетанушылар  қарағандылық әріптестерімен жаңалықтарын  заманауи форматта бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Семей қаласындағы  Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінің  қызметкерлері мен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шоқан Уәлиханов - ұлы саяхатшы» тақырыбында  онлайн конференция өткізді.

«Рухани қазына» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған онлайн кездесуге   «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов пен өкілдері Александр Зязин, Павел Жуков қатысты.

Өлкетану қоғамының қатысушылары Ш.Уәлихановтың Қашқарға сапары туралы сөз қозғады. Өлкетанушылар 2017 жылы Ш.Уәлихановқа атақты Қашқарға экспедицияға баруына көмектескен Мир-Құрбан Аюповтың қыстауынан табылған тиынды көрсетті. Сонымен қатар  өлкетанушылар  басқа да қызықты табылған заттар туралы айтып, жоспарларымен бөлісіп  және  қарағандылық әріптестердің сұрақтарына жауап берді.

Семей қаласындағы «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасановтың сөзінше,  2016 жылы өлкетанушылар Мир-Құрбан Аюповтың қыстағына арнайы экспедиция ұйымдастырған. 

«Мир-Құрбан Аюпов Орталық Азия мен Қытайдың солтүстігімен сауда жасайтын сауда-саттық классын басқарды. Ол кісі  халық арасында Букаш есімімен танымал. Қарапайым, өте жанашыр және үлкен күшке ие болған. Әрине, мұндай адамның қызметі тек саудамен ғана шектелмейді. Мир-Құрбан Федор Достоевский, Александр Врангель, Шоқан Уәлихановпен танысқан», - дейді ол.

Шоқан Уәлихановты Қашқарияға экспедиция ұйымдастыруға көмектескен -  Букаш Аюпов. Сол үшін ол император Владимир таспасында алтын медальға ие болған. Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінің  экскурсия көпшілік бөлімінің  меңгерушісі Салтанат Сексенбаева мұндай онлайн конференция алдағы уақытта Қазақстанның басқа да мұражайларымен ұйымдастырылтанын жеткізді. 



Фото: b1.culture.ru

Соңғы жаңалықтар