Семейде «Шырша» акциясы басталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Шырша» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде «Шырша» акциясы басталды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесуге, тасымалдауға және сатуға тосқауыл қою мақсатында 17-31 желтоқсан аралығында «Шырша» акциясы өткізіліп жатыр.

«Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері орман қорғау мекемелерінің мамандарымен бірлесіп рейдтер өткізуде. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаларды заңсыз кесу фактілері жиілейтіндігі белгілі. Акция барысында заңбұзушылар анықталып, жауапқа тартылатын болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.