Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге тағы 22 млн бөлінеді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 22 миллион теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Су тасқынынан зардап шеккендерге тұрмыстық техника мен жиһаздар сатып алуға бюджеттен 22 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов журналистермен өткен кездесуде айтты.

«Пристань және  Мирный кентіндегі шығын көлемін есептеген сараптама ұйымының тағайындаған қорытынды шешімі бар. Таяуда біз шығынды өтеп беруді жоспарлап отырмыз. Қаражат қалалық бюджеттің төтенше қорынан бөлінеді. Бірақ нормативтік-құқықтық актілермен анықталған нәрсені ғана төлейміз. Яғни, ұйықтауға, тамақтануға және өнімдерді сақтауға  қажетті дүниелерді», - деп атап өтті Ермак Сәлімов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінде бүлінген баспаналарды қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Барлығы - 205 баспана. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 371 млн теңге, ал жаңа баспаналар сатып алу үшін 58 млн теңге бөлінді.

 Қала әкімінің сөзінше, бүгінгі күні Пристань және Мирный кентінің 160 тұрғынымен келісімшарт жасалса,  135 үйге қаржы бөлінген. Таяу күндері жөндеу жұмыстары басталады.  

«Тұрғындар жөндеу жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдауға құқылы. Жоғарыдағы 135 тұрғынның баспанасын жөндеуге 51 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар біз баспаналарының құжаттары жоқ үй иелеріне қажетті құжаттарды рәсімдеуге де көмектесіп жатырмыз. Маусым айының соңына дейін - 138 млн теңге, 1 қыркүйекке дейін барлық қаражат игерілуі тиіс», - деді шаһар басшысы.

Ал су тасқынынан бүлінген Бобровка саяжайындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Барлығы - 158 үй. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен тыс қаражаттар бөлінген болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар