Семейде «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты халықаралық форум өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 30 мамырда Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты халықаралық форум өтті.
None
None

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясынан хабарлады. Алқалы жиында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқып берді.

«Бүгінгі іс-шараның қоғамдық келісімнің бірегей институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында өткізілуінің терең мәні бар. Бейбітшілік, бірлік және тұрақтылық - бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының негізгі принциптері және "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты. Осы мәңгілік құндылықтар біздің еліміздің гүлденуінің сенімді тірегі болып табылады. Біздің тарихымыздың қасіретті беттері туралы, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы еске алу біздің халқымыз үшін әрқашан қасиетті және солай болып қала береді» - деп атап өткен өзінің үндеуінде ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар