Семейде темір жолда үш вагон рельстен шығып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең сағат 8:15-тер шамасында Семей стансасының темір жолында маневрлік жұмыстар кезінде үш вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД.
None
None

Оқиғаның себептері анықталуда. Үш вагонның біріне кірпіш тиелген, қалған екеуі бос болған. Апат жолаушылар пойыздарының жүруіне кедергі келтірмеді, жапа шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта рельстен шыққан вагондар көтерілуде. Оған ҚТЖ-ның 35 жұмысшысы тартылды.

Соңғы жаңалықтар