17:13, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Семейде теріні түбегейлі өңдеу бойынша ірі жоба іске асырылуда
СЕМЕЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Ауыл шаруашылығы жануарларының терілерін түбегейлі өңдейтін аймақтық орталықты құру және бәсекелестікке қабілетті өнімдерді - тері тауарларын, тон-былғары бұйымдарын және аяқ-киімдерді әзірлеу бойынша ірі жоба - «Семей тері-былғары зауыты» ЖШС-да іске асырылуда.

«Қазақстанның Даму Банкі» қаржыландыратын жобаға 56 миллион АҚШ доллары сомасында инвестиция тартылды. Жобаны іске асыру өткен жылдың екінші жартысында басталған болатын, қазіргі сәтте салынған қаражаттың 50 пайызы игерілді.
Жобаның бірінші кезеңі биылғы жылдың жазында аяқталмақшы.