Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семейде TikTok эфирінде былапыт сөз айтқан әйел сотталды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласында TikTok желісіндегі эфирде заң талаптарын бұзған әйел жауапқа тартылды. 

ТикТок
Фото: pixabay.com

Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары әйел адамның TikTok-тағы тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық көрсеткенін анықтады.

— Тексеру нәтижесінде оның Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сот шешімі бойынша әйелге әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыппұл салынды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, полицейлер интернетте жасалған құқық бұзушылықтар да заң бойынша қаралатынын және мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын ескертті.

Еске салсақ, осыған дейін Талдықорған тұрғыны TikTok эфирінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаланғаны хабарланған