Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Оған қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қатысты, өздері оқытатын мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырды. Көрмеге фелдшер, өрт сөндіруші, ІТ маман, шаштараз, дизайнер, дәнекерлеуші сынды түрлі мамандықтар қатысты», — делінген хабарламада.

Іс-шараны мектеп оқушыларымен бірге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та тамашалады.

Бұл шараның мақсаты — оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету, пайдалы кәсіптер туралы көзқарастарын дамыту және мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру.

Іс-шара барысында оқушылар мамандықтардың «образына» еніп, олардың қызықты әрі қиын тұстарын сезініп көру мүмкіндігіне ие болды.