10:51, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Семейде волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтеді
АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Семейде 22-29 қараша күндері волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтеді.
Оған «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (Өскемен), «Ұшқын-ҚазҰАУ» (Алматы), «Атырау-2» (Атырау), «Ертіс» (Павлодар облысы), «Есіл-Виктория» (Қызылжар), «Жайық-Конденсат» (Орал), «Семей» (Семей) волейболшылары қатысады. Айналым жүйесі бойынша 5 турға созылатын ел чемпионатында артта қалған команда Жоғары лиганың «Б» тобына түседі.
2011/2012 жылғы жаңа маусым Шымкент пен Өскемен қалаларының арасындағы ойынмен басталмақ. Одан кейін алматылықтар мен атыраулық, павлодарлықтар мен қызылжарлық, оралдықтар мен семейлік командалар жарысты одан әрі қыздыратын болады.