13:09, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Семейде ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығына арналған шахмат турнирі басталды
СЕМЕЙ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығына арналған жыл сайынғы дәстүрлі ашық шахмат турнирі өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирге Алматы, Өскемен, Семей қалалары мен Шығыс Қазақстанның аудандарынан 40-тан астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында 15 кандидат және бір спорт шебері бар. Жарыс 5 күнге созылады.
Турнирдің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген «Невада-Семей» қозғалысының шығысқазақстандық бөлімінің жетекшісі Сұлтан Картоев қозғалыстың екі белсендісі, турнирге қатысушы - 80 жастағы Баяхыр Игембаев пен Жазип Мүшрабқа «Невада-Семей» халықаралық қозғалысына 20 жыл» медальдарын табыс етті.