Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, ВІ Group компаниясының негізін қалаушы Бауыржан Исабаев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғалия Дәулетова қатысты.

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Ғимараттың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аймақ басшысы жаңа нысанның өңірдің білім беру инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба екенін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы биылғы тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазір — білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады» деп айрықша атап өткен болатын.

Семей қаласында қазір қызмет атқарып тұрған Жастар сарайы 1991 жылы ашылған, одан кейін мұндай қосымша білім беру нысаны ашылмаған. Оқушылар сарайы — балалардың шығармашылығын, көшбасшылық қасиеттерін дамытатын, білімді өмір салтына айналдыратын маңызды кеңістік. Осы игі іске үлес қосқан барлық әріптестерге, серіктестерге алғыс айтамын. Жаңа білім ордасы балаларымыздың арманына жол ашып, еліміздің болашағына қызмет етсін, — деді облыс әкімі.

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Құрылысы 2023 жылы басталған нысанның жалпы ауданы — 9 800 шаршы метр. Оқушылар сарайы 500 балаға шақталған, ауысыммен 1500 оқушыға дейін қабылдай алады.

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі
Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Мұнда екі бассейн, хореография, шығыс жекпе-жегі, фитнес, үстел теннисі залдары, үстел ойындары, вокал және аспаптық музыка, дыбыс жазу, мүсін және ART студиялары, хореография, актерлік шеберлік, сәулет өнері, сондай-ақ VR технологияларын қолданатын ойындық-имитациялық оқыту кабинеттері жұмыс істейді.

Ғылыми-техникалық бағыт аясында авиамодельдеу, жаңартылатын энергия көздері, аквапоника және гидропоника, нейрозертхана және нейроробототехника, 3D-басып шығару және модельдеу (M-TECH), бағдарламалау, видеография және кино, жаратылыстану ғылымдары бойынша зертханалар, сондай-ақ астрономиялық обсерватория қарастырылған.

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі
Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Гуманитарлық бағытта медиа-орталық пен көптілді лингвистика кабинеті (қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шет тілдері) жұмыс істейді. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында психологиялық қолдау бағыты бойынша сенсорлық бөлме мен сөйлеу тілін дамыту кабинеті ашылған. Сонымен қатар тарихи-өлкетану бағыты шеңберінде коворкинг аймағы бар интерактивті кітапхана мен өлкетану клубы қызмет көрсетеді.

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар