Семейде заманауи стандарттарға сай жаңа емхана ашылды

Жаңадан ашылған «Invintro» емханасында кез-келген сырқаттың нақты себептерін анықтайтын заманауи жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ, медициналық сараптаманың барлық түрі ұсынылады. Аурудың алдын алу мен емдеу мақсатында емханаға келушілердің денсаулығы жаңа қондырғылар арқылы жіті тексеріледі.
Жаңа емхананың ашылуына қала әкімі Айбек Кәрімов қатысты. Сонымен қатар, қала әкімі жүйке жүйесі ауруы мен жүрек инсультіне ұшырағандары оңалту үшін тірек-қимыл жүйесін қалпына келтіруге арналған заманауи жабдықтардың жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Ғалия Жуаспаеваның айтуынша, аталмыш емханада орнатылған медициналық жабдықтардың көбі Қазақстанда кездеспейді. Сондықтан, қалалық әкімдік халыққа тегін медициналық қызмет көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселесін қарастырмақ ниетте. Сондай-ақ, қала әкімі өзге өңірлерден келетіндерге арнайы жататын орын қарастыру қажеттігін айтты.