Семейде жаңа медициналық жедел жәрдем ауруханасы ашылды

Аурухананың бас дәрігері Қайроллан Мусиннің сөзіне қарағанда, жаңа медициналық мекеме «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынған. Жобаны іске асыруға 10 миллиардтан астам теңге бөлінген, аурухана 325 орынға арналған. Ауруханада орнатылған жабдықтың құны 2 млрд. 800 млн. теңгеден асады.
Жаңа МЖЖА ашылу салтанатына денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов және өңір әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Ашылу салтанатында медициналық жедел жәрдем ауруханасы, құны 13 млрд. теңге болатын онкологиялық диспансер, туберкулезге қарсы балалар ауруханасы (салынып бітуіне Сауд Арабиясының үкіметі миллиард теңге бөлген) іске қосылған соң, Семей қаласы тұрақты медициналық кластерге айналды. Бұл ядролық полигоннан елеулі зардап шеккен өңір халқы үшін аса қажет болып табылады.