Семейде жаңа жылыту маусымына әзірлік жүріп жатыр
Қазіргі уақытта қалада 26 қазандық пен 285 шақырым жылыту желісі қысқа дайын.
2006 жылдан бері Семейде «Орталық жылумен жабдықтау қазандықтары мен ЖЭС-1 стансысының қазіргі қуаттарын жаңарту, сондай-ақ Семей қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы «Юность» кентіндегі магистральдік және орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ ЖЭС-1 стансысының су ысыту қазандығының құрылысы басталды.
«Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының ақпараты бойынша, жыл ішінде 1 қазандықты ауыстыру, 15 шақырымдай жылу жүйесін жөндеу және 5 шақырым жылу желісін жартылай жаңарту жөніндегі жұмыстар жүргізілді. ЖЭС-1 стансысындағы қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды және алты үлкен қазандықты жөндеу жұмыстары атқарылуда. Оған қоса, Жол картасы бойынша ЖЭС-1 стансысында БКЗ-75 екі қазандығы жөнделіп жатыр.
Жылу беру маусымына дайындық Семейде бекітілген кестеге сәйкес жүруде. Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді. Жылыту маусымына қарай 390 мың тонна көмір, 4,6 мың тонна мазут жеткізілуі тиіс. Отынның айлық нормативті қорын жасау үшін Үкімет қажетті қаржы бөліп отыр.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймаққа кезекті жұмыс сапары барысында қаланың қысқа дайындығымен танысты. Әкім жылумен қамтамасыз ету нысандарындағы жұмыстардың барысын көрді және энергетиктерге барлық жоспарланған жұмстарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды. «Алдағы жылу маусымы уақтылы басталып және ешқандай проблемасын өтуі тиіс», - деді Бердібек Сапарбаев.