Семейде жас жігіт көлігімен бірге Ертіске батып кете жаздады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Ертіс өзеніне батып бара жатқан жеңіл автокөлік судан шығарылды. Көліктің рөліндегі 27 жастағы жүргізуші сыртқа шығып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оқыс оқиға туралы хабар 112 нөміріне 5 қаңтар күні сағат 17:51-де түскен. «ВАЗ 2114» маркалы көлігінің Ертіс өзеніне батып бара жатқаны туралы хабарды көлік иесі өзі хабарлаған. Ол машина өзенге түсіп бара жатқанда салоннан өз бетінше шығып үлгерген.

Анықталғандай, қала тұрғыны өзеннің келесі бетіне Ертіс жағалауымен жүріп өте салмақ болған. Алайда, мұз сынып кеткен.

Құтқарушылар көлікті өзеннен шығарып алу үшін 3 сағат арпалысты. Бұл іске 3 арнайы техника мен судан құтқару және өрт сөндіру қызметінің 9 маманы жұмылдырылды.

«Қыз мезгілінде Ертістегі су деңгейі көтеріліп, жағалауға қарай жайылады. Ал азамат жаздан бері өзен жағалауын басып өтіп жүргенін айтты. Сондықтан әдетінше, жүріп өтпек болған. Бірақ, бұл жолы көлігімен бірге батып кете жаздады. Қайта өзі көліктің терезесін ашып, шығып үлгерген. Қала тұрғындарынан өз өмірлеріне немқұрайлы қарамауды сұраймыз», - деді ТЖБ баспасөз қызметінен.
null

Соңғы жаңалықтар