Семейде «Жасыл десант» жастар экспедициясы басталды

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 12-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Жасыл десант» экспедициясы мүшелерімен баспасөз мәслихаты өтті. Бүгін «Бірлігіміз жарасқан!» қоғамдық бастамасы ауқымында Шығыс Қазақстанда бұл экспедиция жұмысын бастады.
None
None

Оны «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының белсенділері ұйымдастырды, ол Жастар күніне орайластырылған. Жастар акциясын Білім және ғылым министрлігі қолдады.

«Жасыл елдің» бүкіл Қазақстан бойынша таңдаулы 20 жауынгері катамаранмен Үбі өзенінде жүзіп, жағалаудағы ормандарды зерттейді, топырақ мен су үлгілерін алады, ағаштар мен өсімдіктерді зерттейді, экологиялық жағдайды бағалайды.

«Жасыл ел» республикалық штабы бұл акцияны дәстүрге айналдырып, жұртшылық пен мемлекеттік органдардың назарын экология мәселесіне аудармақ, сондай-ақ туристер арасында қала маңында тынығу мәдениетін көтеруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар