11:06, 21 Шілде 2024 | GMT +5
Семейде жоғалып кеткен 9 жастағы бала бір тәуліктен кейін табылды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Полиция департаментінің дерегінше, 19 шілдеде із-түзсіз жоғалған үшінші сынып оқушысы аман-есен табылған.

Оны полицейлер, еріктілер мен қала тұрғындары іздестірді.
«Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумығында тапты», –деп хабарлады полиция.
Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, әңгімелесті. Психологтың қарауынан өткен бала ата-анасына тапсырылды.