Семейде жүк вагоны жолдан шығып, жолаушылар пойызы жолда тұрып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Темір жол көлігінің қозғалысын қалпына келтіру шаралары сағат 21-30-ға жоспарланып отыр, деп хабарлады «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
None
None

«24 желтоқсан күні сағат 12-20-лар шамасында семейлік жолдың Дегелең-Семей бөлігінде, № 3498 жүк пойызы кетіп бара жатқан кезде «Petroleum» ЖШС-не тиесілі вагондардың бірі жолдын шығып кеткен. Оқиғаның салдарынан зардап шеккен немесе мерт болғандар жоқ»,-деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына апаттың салдарын қалпына келтіруші пойыз келді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ -ның арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр, оның құрамына «Petroleum» ЖШС-нің өкілдері де кірген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, вагонның жолдан шығып кетуіне оның бүйіріндегі тіреуішінің сынуы себеп болған. Вагонның иесіне шығынды қалпына келтіру туралы талап қойылады.

«Қазіргі таңда аталмыш учаскідегі пойыз қозғалысы тоқтатылды. «Лениногор-Астана», «Алматы-Павлодар», «Павлодар - Алматы -1» бағыты бойынша жүретін пойыздар белгіленген орынға кешігіп жетеді. Қозғалысты 21 сағат 30 минуттар шамасында қалпына келтіру жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар